Ел чемпионы – Түркістан дәрігерлеріне құрмет көрсетілді

Screenshot_3.jpg

Түркістан облысының медицина қызметкерлері Тараз қаласында өткен республикалық спартакиададан жеңіспен оралды. Ел мерейін үстем еткен жеңімпаздарды Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Марат Пашимов пен Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев қуанышпен қарсы алды. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бұқаралық спортты дамытуды тапсырды. Отандастарымыздың денсаулықтарын жақсартып, өмір сүру жасын ұзартуға қызмет етіп жүрген сіздердің жеңістеріңіз сол бұқаралық спортқа қосқан үлестеріңіз. Жеңістеріңіз құтты болсын! – деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев. 

– Медицина саласы бойынша бұл жыл біз үшін ерекше жыл болды. Республика бойынша ең үздік облыстық клиникалық аурухана, ең үздік перинаталдық орталық номинациясын алдық. Енді міне, сіздердің жеңіп әкелген марапаттарыңыз да бар, жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, – деді Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.Пашимов.

Жеңімпаздарға облыс әкімінің орынбасарының Алғыс хаты мен сыйлықтар тапсырылды. Сонымен қатар, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Марат Пашимовқа бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін рақмет айтып марапаттады. 

Сайыста ақ халатты абзал жандар кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу, бильярд спортынан сайысқа түскен болатын. Спартакиадада көш бастап жеңіске жеткен өрендер Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы, Түркістан қалалық емханасы, Сауран аудандық емханасы, Түлкібас, Ордабасы, Келес, Бәйдібек және Мақтаарал аудандық «Атакент» ауруханаларының медицина қызметкерлерінен құралған болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер