ТМД-ның Денсаулық сақтау министрлері Түркістанға келді

Screenshot_1.jpg

Бүгін екі күнге жоспарланған Түркістан қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің XXXV-ші отырысы басталды. Іс-шараға ТМД-ға қатысушы елдердің денсаулық сақтау министрлері, бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының директоры Х.Клуге, сондай-ақ ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысады. ТМД-ның 11 елінен барлығы 70-ке жуық өкілдің қатысуымен «Денсаулық сақтау саласы мен телемедицинаның цифрлық дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті ұйымдастырған іс-шара ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылының 30 жылдығы белгісімен өтеді. Достастықтың 10 елі – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украина халық денсаулығын сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.

Кеңестің мақсаты халықтың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және жақсарту, халықтың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, фармация, медицина ғылымы мен техникасы саласындағы мемлекетаралық қатынастарды дамыту және нығайту саласындағы жан-жақты ынтымақтастыққа жәрдемдесу болып табылады. Бұл отырыс Қазақстан Республикасының ТМД-ға төрағалығы шеңберінде өткізілуде.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер азаматтарының денсаулығын қорғау ісіндегі ынтымақтастықты жандандыруды мақсат еткен іс-шарада қатысушылар қант диабетінің, онкологиялық аурулардың алдын алу мен емдеудегі, туберкулездің таралуының алдын алудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Отырыс аясында қозғалатын көптеген сұрақтар COVID-19-ға қатысты осындай тақырыптарға арналады: коронавирустың өршуі кезіндегі психикалық денсаулық және психоәлеуметтік қолдау, пандемия уақытында пациенттерге медициналық көмек көрсету кезінде медициналық қызметкерлердің эмоционалды күйзелісі, сондай-ақ COVID -19-бен ауыратын науқастардағы психикалық бұзылулардың алдын алу, диагноз қою, емдеу және қалпына келтіру. 

Отырыста сондай-ақ ұлттық қан қызметтерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі, ТМД аймағында тұрақты даму мақсаттарын орындау, инфекциялық емес аурулардың алдын алу және емдеу, цифрлық денсаулық сақтау мен телемедицинаны дамыту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы кадрлық әлеуетті арттыру және т. б. мәселелерді талқылау жоспарлануда. 

Сонымен қатар, отырыста Орталық Азиядағы денсаулық пен әл-ауқатты қолдаудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы таныстырылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер