Қарабура әулие кесенесі көпшілікті өзіне тартады

Screenshot_5.jpg

Созақ ауданы әулиелі жерлер мекені. Мұнда бүкіл Қазақ даласына танымал әулие – Қарабура әулие кесенесі бар. Жақында осы Қарабура әулие кесенесінің жай-күйімен танысуға Қазақстан Журналистер Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай, Қазақстан Жазушылар Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдазым, белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Бахадыр Айтай, Түркістан облыстық Мәдениет басқармасының жанындағы Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың директоры Жандос Керімұлы, облыстық Мәдениет басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлы және тағы бірқатар қаламгерлер мен журналистер енген арнайы экспедициялық топ келді.

Созақ ауылында орналасқан Қарабура әулие кесенесі 1997 жылы қайтадан жаңартылып салынған. Кесене ақ кірпіштен өрілген, әрқайсысы сегіз қырлы екі бөлмеден тұрады. Төбесі - күмбезді, бірінші бөлмесі 100 шаршы метр, төбесі ашық екінші бөлмедегі ескі кесене ХІV ғасырда тұрғызылған. Қарабура әулиенің зираты осы ескі кесенеде. Еске кесене шой тастан құралған, ірге тас үстіне қам қыш қаланып, қабырғалары саз балшықпен сыланған. Пішімі текше көлемді құрылыстың төбесі күмбезге айналған. Күмбездің жоғарғы жағында жарық кіретін төрт саңылау орнатылған. Алдыңғы беті тегіс, жылтыр. Солтүстік жағындағы кіре берістегі екі қабырғасына төртбұрышты терең екі қуыс орнатылған. Төрт бұрышты бөлме ішіндегі белдеулеріндегі дуалға сүйір қуыс жасалған. Күмбез шатырлақ әдіспен өрілген. Ортасына қам қыштан құлпытас орнатылған.

Ескі кесененің арт жағында Ақназар хан, Белгібай қажы, Шілмембет би, Құлтас би, Қожамқұл ғұлама, Дәулет-Қарабура батыр, Шахасум-ахун (шырақшы) сияқты белгілі адамдар жерленген, олардың бастарына қара мәрмәр тастар қойылған. Кесененің биіктігі 17 метр. Есігі күн батысқа Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне қаратылған. Биік күмбез қышпен өрілген. Кесененің сыртында әлемдегі ислам діні әулие-ғұламаларына құрмет, тағзым деген тақырыпта орналастырылған пантеон (қорым) бар. Онда бүкіл түрік елдерінің белгілі тұлғаларының зираттары басынан топырағы әкелініп, олардың аты жазылған қара мәрмәр белгі тастар қойылған. Кесененің шығыс жағында қазақ халқының белгілі сазгері, күйші Сүгір Әлиевке күмбез орнатылған. Сол жағында Қарабура әулиенің түйесі шөккен жерге түйе мүсінінің ескерткіш белгісі қойылған. Кесененің жалпы аумағы 240 шаршы метр.

Экспедиция мүшелері Созақтың туристік әлеуеті зор екендігіне көз жеткізді. Алдағы уақытта насихат жұмыстарын жандандырған абзал. Осында түрлі туристік маршруттар ұйымдастырып, өскелең ұрпаққа кеңінен таныту қажет. Өз тарихын біліп өскен, сусында өскен ұрпақтан болашақта патриоттар шығары анық. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер