Оқушылардың ғылымға деген қызығушылықтарын ояту басты назарда

шу ауылы3.jpgЕлімізде география пәні мұғалімдері мен оқушыларға арналған «Ғылымға қызығушылықты арттыру» жобасы қазанның 6-7 күндері Түркістан облысы Созақ ауданы мектептерінде жалғасын тапты. Бұл жолы арнаулы семинарлар ауыл мектептерінің оқушыларына арналды. Оларға әлемдік деңгейдегі ғылыми-танымдық материалдарды, соның ішінде 134 жылдық тарихы бар, география, жаратылыстану ғылымдарынан бастап, ғарышты игеруге дейінгі салаларда көпжылдық халықаралық ғылыми-зерттеулер мен фото-бейне деректердің бай қорын қалыптастырған NATIONAL GEOGRAPHIC журналының ресурстарын мектеп ішілік, тақырыптық ғылыми жобаларға пайдалану әдістері таныстырылды. 

Оқушылардың ғылымға, зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтары мен ынта-ықыласын оятатын қызықты деректер мен айғақтардан мысалдар келтіріліп, ғылыми жоба әзірлеу әдістері көрсетілді. Семинар өткізген тренерлер қоршаған ортаны қорғау және әлемнің пластик материалдармен ластануына қатысты соңғы зерттеулердің көрнекі нәтижелерімен бөлісті. 

Сондай-ақ осы іс-шара қорытындысы бойынша оқушылар арасында ұйымдастырылған ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен марапаттау рәсімі өтті. 

Еске сала кетейік, бұл жоба «КАТКО» бірлескен компаниясының қолдауымен іске асырылып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» бастамасын қолдау аясында қолға алынған жобаның негізгі мақсаты – әлемдік деңгейдегі сапалы ғылыми контенттердің қазақ тіліндегі қолжетімділігін кеңейту, қоғамда ғылымға деген қызығушылықты, ынта-ықыласты арттыру. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер