Ұлттық статистика бюросы 2022 жылы тұрғын үй нарығындағы бағаның қалай өзгергені жайлы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2018 жылдың наурызынан бері қолданыстағы тұрғын үй нарығындағы баға алғаш рет арзандады.
Айлық мәнде (желтоқсаннан қарашаға қарағанда) пәтерлерді қайта сату бағасы 1,5%-ға төмендеді.
Атап айтқанда, баға Астана (5,1%-ға), Шымкент (2,7%) және Ақтау (1,6%) қалаларында түскен.
Сондай-ақ, желтоқсан айында абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы алдыңғы аймен салыстырғанда 1,6%-ға арзандады.
Жаңа тұрғын үйді сату бағасы, керісінше, 0,4%-ға қымбаттады.
Бір жылда (2022 жылғы желтоқсан 2021 жылғы желтоқсанға) қолданыстағы пәтерлер саудасындағы бағалар – 21,6%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату 15,6%-ға өсті.
Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі алдыңғы жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы желтоқсанда 45% артты.
Өңірлер арасында жаңа үйлер жылдық мәнде Ақтөбе қаласында 29,3%-ға, Ақтауда 26,6%-ға, Семейде 22,3%-ға қымбаттады.
Қолданыстағы пәтерлер саудасындағы баға Семей (49,6%), Ақтөбе (42,4%), Қызылорда (39,8%), Ақтау (39,3%), Талдықорған (32,9%) және Қостанай қалаларында қатты өскен (32,4%). Ал тұрғын үйді жалға беру нарығында баға Алматы (70,5%), Қостанай (54,6%), Қарағанды қаласы (53,1%) қатты қымбаттады.