Терроризм мен экстремизм бойынша сотталғандарға қолданылатын жаза өзгертіледі

image.png

Терроризм мен экстремизм бойынша сотталғандардың жазасын жеңілдету шаралары қарастырылып жатыр. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Адамдардың қаза болуына әкеп соқпаған және аса ауыр қылмыс жасаумен ұштаспаған террористік немесе экстремистік қылмыс үшін тағайындалған бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзбаған жағдайда, жазаның өтелмеген қалған бөлігін сот жазаның неғұрлым жеңіл түрімен алмастыруы мүмкін. Бұл ретте адам өмір бойы тағайындалғандарды қоспағанда, қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларынан толық немесе ішінара босатылуы мүмкін», - делінген құжатта.

Ескеретіні – бұл норма адам шығыны болмаған террористік немесе экстремистік қылмыс жасаған айыпталушы тергеуге және қылмыстық топтарға қатысушыларды әшкерелеуге белсенді қатысқан жағдайда ғана қолданылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер