Тұңғыш Президент кітапханасы таратыла ма – министр жауап берді

image.png

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы мәртебелерімен байланысты кеңсе, резиденциялардың тағдыры қалай болатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы кеңсесі, Елбасы кітапханасы, резиденцияларының тағдыры не болады? Алматы облысындағы ауылындағы мүліктер мемлекет меншігіне қайтарыла ма?» деп сұрады журналистер министрден.

Азамат Есқараевтың сөзіне қарағанда, Президент туралы заң бойынша енді Нұрсұлтан Назарбаевқа мемлекет тарапынан қызметтік саяжай мен пәтер ғана тиесілі болуы мүмкін.

«Бұл мәселе бүгін күшін жоюға ұсынылған заңда көзделген. Елбасы туралы заң күшін жояды. Сондықтан, заңнамада көзделген тәртіппен осы кеңсе, тағы басқа мәселелер жан-жақты қаралады. Ал резиденцияларға келсек, экс-президентке мемлекеттік саяжай көзделуі мүмкін. Сондықтан бұл заңнама шеңберінде шешіледі. Сіздер айтып тұрған Елбасы кеңсесі мен Тұңғыш Президент кітапханасы туралы да заң тәртібімен тиісті шешім шығарылады», - деді Әділет министрі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер