Түркістан облысында мемлекеттік қызметте жүрген әйелдердің үлесі 27 пайыз

Түркістан облысында 200-ге жуық мемлекеттік қызметшінің орны бос тұр. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Өркен Балажанов мәлімдеді.

329660498_688501872973088_7609950254202920165_n.jpgЖалпы өңірдегі мемлекеттік қызмет саласында 197 лауазымды бос орын бар. Олардың 115 облыстағы жергілікті атқарушы органдарда болса, 82 аудандық деңгейдегі әкімдіктерде. Сондай-ақ, өткен жылы 211 адам мемлекеттік қызметтен мүлдем қош айтысқан. Жүргізілген шұғыл сұхбаттар нәтижесінде қызмет ауыстырушылардың 70 пайызы жеке секторға ауысқанын және мемлекеттік қызметші жалақысының төмендігінін көрсеткен. 

Тағы бір айта кетерлігі, Түркістан облысында мемлекеттік қызметте жүрген әйелдердің де саны аз. Республикада бұл көрсеткіш 56 пайызды құраса, Түркістан облысында 27 пайыз ғана. 

«Мемлекеттік қызмет ешқашан бір орында тұрмайды. Әрдайым жаңарып отырады. Бір адамдар денсаулығына байланысты кетіп жатады. Зейнетке шығады. Соларды толтыру кезінде міндетті түрле жастарды алу керек. Білікті мамандарға әрдайым сұраныс болады. Жалпы Түркістан облысында мемлекеттік қызметке келушілер саны аз. Өткен жылмен салыстырғанда конкусқа қатысушылардың саны артқан. Мәселен 2021 жылы өткізілген конкурстарда 1 орынға 3 адамнан келсе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 4-ке көбейген. Дегенмен, бәрібір жалпы көрсеткіш төмен» - деді Өркен Балажанов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер