Елімізде автогаздың бағасы тағы да өсті

image.png

Елімізде автогаз бағасына өзгерістер енгізілді.  Энергетика министрлігі  2025 жылғы 29 қаңтардағы бұйрығымен сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа жеткізу жоспары аясында тауар биржаларынан тыс автогаз құю станцияларына арналған бөлшек саудадағы шекті бағаларды бекітті.  Енді , 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап сұйытылған газдың бағасы қымбаттайды.

Бұл түзетулер сұйытылған мұнай газын өндірушілердің шығындарының артуына байланысты қабылданып жатыр дейді жауаптылар. Қазіргі кезде сұйытылған газ өндірісінің өзіндік құны тоннасына 65-75 мың теңге аралығында болса, өндіруші зауыттар үшін шекті көтерме баға тоннасына 45 158 теңге деңгейінде бекітілген. 

Жаңа автогаз бағалары (литріне):

Астана – 102 теңге (бұрын 82 теңге)

Алматы – 102 теңге (бұрын 89 теңге)

Шымкент қаласы – 90 теңге (бұрын 70 теңге)

Ақтөбе облысы – 77 теңге (бұрын 59 теңге)

Атырау облысы – 77 теңге (бұрын 59 теңге)

Ақмола облысы – 102 теңге (бұрын 84 теңге)

Алматы облысы – 102 теңге (бұрын 89 теңге)

Шығыс Қазақстан облысы – 102 теңге (бұрын 84 теңге)

Қостанай облысы – 102 теңге (бұрын 84 теңге)

Қарағанды – 102 теңге (бұрын 84 теңге)

Жетісу облысы – 102 теңге (бұрын 84 теңге)

Ұлытау облысы – 102 теңге (бұрын 84 теңге)

Абай облысы – 102 теңге (бұрын 84 теңге)

Жамбыл облысы – 90 теңге (бұрын 78 теңге)

Батыс Қазақстан облысы – 77 теңге (бұрын 70 теңге)

Қызылорда облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге)

Маңғыстау облысы – 65 теңге (бұрын 59 теңге)

Павлодар облысы – 102 теңге (бұрын 81 теңге)

Солтүстік Қазақстан облысы – 102 теңге (бұрын 89 теңге)

Түркістан облысы – 90 теңге (бұрын 70 теңге)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер