Қызылордада 15 жастағы қыздың некесін қиған имам жазаға тартылды

image.png

Қызылорда облысында 15 жастағы қыз бен 21 жастағы жігіттің некесін қиған имам жазаға тартылды. Бұл туралы  kaz.inform.kz хабарлады. 

Ата-аналарының рұқсатымен отау көтерген жұптың некесін имам қиған. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша бас имамы Дастан Құрманбаев бұған қатысты түсініктеме берді.

- Бұл жағдайды ақтауға болмайды. Имам еліміздің заңын да, Қазақстандағы барлық дін қызметкеріне міндетті жарғыны да бұзды. Оған сөгіс жарияланды. Алдағы уақытта ол тарапынан қандай да бір заңбұзушылық болса, имам діни қызметтен шеттетіледі, – деді Дастан Құрманбаев.

Айта кетейік, өткен жылы бұған байланысты қылмыстық іс қозғалып, сот үкімімен жігіт 12 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Қазақстанда мұнайдың алты жаңа кен орны анықталды
  • ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДАҒЫ МӘСЕЛЕ
  • Бір оқушының тамақтануының орташа құны қанша
  • Рамазан Бектұрғанов —Түркістан облыстық офтальмологиялық ауруханасының басшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер