Әйелдің мешітте намаз оқуы дұрыс па?

image.png

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі әйелдердің мешітке барып жамағатпен намаз оқуының айыбы жоқ, алайда үйде оқығаны абзалырақ екенін айтады. 

"Алла Елшісі "Әйелдеріңе мешітке баруға тыйым салмаңдар. Бірақ үйлері олар үшін мешітке барудан да қайырлы" деген.  Мешітте әйелдерге арналған бөлек жер болса және ол жерге барар жолда көпшілікке көрінбейтіндей болса қарт әйелдердің таң және ақшам мен құптан намаздарында мешітке баруына болады. Бұл – имам Әбу Ханифаның көзқарасы. Өйткені ниеті бұзақылар бесін мен екінті намазында қаптап жүреді. Ақшам намазында кешкі асын ішумен әлек, таң намазы мен құптанда ұйқыда болады дейді. Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің пікірі бойынша қарт әйелдер барлық парыз намаздарда мешітке бара алады", - делінген ҚМДБ сайтында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • АЭС атауына арналған конкурс қарқын алуда — тәулік ішінде 10 мыңға жуық өтінім түсті
  • Департамент өкілдері және еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізді
  • Тіл – ең асыл құндылық
  • Шымкентте «Айбары мықты – ата заң» атты дөңгелек үстел өтті
  • Мангистауские врачи и студенты пройдут бесплатное обучение и повысят квалификацию в Турции
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер