Қазақстандықтарға ескерту жасады

image.png

АҚШ президенті Дональд Трамптың алғашқы әрекеттері әлем назарында. Әсіресе, Украина-Ресей соғысын аяқтауға қатысты мәлімедемелерінің жүзеге асу барысын. Әзірге бұл бағытта сөз көп, нақты нәтиже болмай тұр.

Жуырда Трамп иммиграциялық саясаттың күшейетінін және заңсыз иммигранттарды «келген жерлеріне» депортациялауды бастайтынын жеткізді. Колумбияға қарсы бірқатар санкция енгізді. Оған елдің мигранттар мінген АҚШ ұшақтарын қабылдаудан бас тартуы себеп болды. Дегенмен Колумбия үкіметі президент Дональд Трамптың барлық шартымен, соның ішінде Колумбиядан Құрама Штаттарға қайтарылатын барлық заңсыз иммигранттарды америкалық әскери ұшақтарымен шектеусіз немесе кідіріссіз қабылдауға келісті. Колумбия келісімді бұзбаса, АҚШ-тың тарифтері мен санкциялары кейінге қалдырылады және оған қол қойылмайды. Мемлекеттік департамент енгізген визалық санкциялар және кеден мен шекараны қорғау қызметінің күшейтілген тексерулері депортацияланған колумбиялықтардың бірінші ұшағы Колумбияға сәтті жеткізілгенше күшінде қалады.

Ал АҚШ Сенаты сенбі күні Оңтүстік Дакота штатының губернаторы Кристи Ноемді президент Дональд Трамптың заңсыз иммиграциямен күресудегі негізгі агенттігі – Ішкі қауіпсіздік департаментін (DHS) басқаратын етіп бекітті. Республикашылдар Трамптың ұлттық қауіпсіздік командасының соңғы мүшесін тағайындау үшін Сенатта дауыс берді. Осы орайда соңғы уақытта енгізілген бірқатар өзгерістерді айта кетелік: «Мексикада қалыңыз» саясаты қайта енгізілді, яғни мигранттар және саяси баспана сұрайтындар миграциялық сотқа шақырғанға дейін Мексикада қалуға міндеттеледі; «Ұста да жібер» (catch and release) шарасы тоқтатылды. Бұл АҚШ шекарасынан заңсыз өткен мигранттар ісі қаралмайынша қамауда болатындығын білдіреді. Оларды арнайы орталықтарға қамап немесе бірден келген елдеріне қайтаратын болады. Сонымен қатар, азаматтар үшінші елдерге де жіберілуі мүмкін; Шартты түрде уақытынан ерте босататын немесе АҚШ-қа кіруге алдын ала жеңілдіктер қарастырылған "CBP One" мобильдік қосымшасы жұмысын тоқтатты.

Міне осындай және басқа да жәйттерді ескере отырып,  Қазақстан елшілігі  АҚШ-тағы миграциялық саясаттың қатаңдатылуына байланысты шетелде құжатсыз, визасыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады. «АҚШ билігі заңсыз негізде жүрген шетелдіктерге (құжаты жоқ, жарамсыз виза мен тұрақты тұруға рұқсаты (Грин Карта) және басқа құжаттар болмауы) елден өз еркімен кетуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл шара Қазақстан азаматтарының депортацияға ұшырау қаупін азайтуға және оның салдарынан болашақта АҚШ визасына өтініш бергенде ел аумағына кіруге тыйым салынуынан сақтануға көмектеседі», – делінген елшілік хабарламасында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстандықтар көлік саудасында рекорд орнатты
  • Ақылы жолдар бағасы өседі
  • Қазақстандықтарға ескерту жасады
  • Былтыр 229 басшы жемқорлықпен ұсталған
  • Астананың бас имамы 4 әйелі мен зәулім сарайы бар екенін жоққа шығарды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер