Ақылы жолдар бағасы өседі

image.png

Үкіметтегі брифинг барысында Көлік министрі Марат Қарабаев елде ақылы жолдардың санын кезең-кезеңімен көбейту қажет екенін мәлімдеді. Ол билік жолдарды өзін-өзі ақтайтын жүйеге біртіндеп көшіріп жатқанын, бұл олардың сапасын сақтап, бюджетке түсетін жүктемені азайтуға көмектесетінін атап өтті. Оның сөзінше, алдағы уақытта ақылы жолдар саны екі есе артады. Бұл туралы  rgmedia.kz  хабарлайды.

"Қазақстанда жолдар онсыз да ең арзан. Көрші елдерге қараңыздар, жолдары бізден 7, тіпті 25 есе қымбат. Егер біз жолдарды күтіп ұстап, жақсартқымыз келсе, ақылы ету өте маңызды", — деп түсіндірді ол.

Министр Қазақстан маңызды транзиттік хабқа айналып келе жатқанын, сондықтан ақылы жолдар ең алдымен шетелдік жүк көліктеріне бағытталғанын қоса айтты.

"Егер олар біздің аумақ арқылы өтсе, онда төлеуі керек", — деді Қарабаев.

Ведомство басшысының сөзінше, ақылы жолдардан түскен қаржының бір бөлігін жол құрылысы үшін алынған несиелердің пайыздық мөлшерлемелерін өтеуге бағыттау мәселесі қарастырылып жатыр.

"Бүгінде ел бойынша ақылы жол жүйесінің ұзындығы 3 200 шақырым. 2024 жылы түсім 48 миллиард теңге болды. Биыл қосымша 4 мың шақырым ақылы жол іске қосылып, олардан 60 миллиард теңге кіріс түседі деп жоспарланып отыр. Ал келесі жылы бұл көрсеткіш 100 миллиард теңгеге дейін жетеді. Осы жолдарды күтіп ұстау қажеттілігіне байланысты ақылы жолдар кей жерлерде 40%-ға, кей жерлерде 50%-ға қымбаттауы мүмкін", – деді Қарабаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Путин мен Трамп ақпанның аяғына дейін кездесуі мүмкін - Кремль
  • Желіде 20 мың оқырманы бар жарнама жасаушылардың кірісі бақыланбақ
  • Жомарт кенішіндегі қайғылы оқиға: ТЖ орнында үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр
  • Ұлына Абай есімін қойған қазақстандықтар 180 мың теңге алады
  • 46 кеншінің қазасы: қылмыстық іс сотқа жолданды – Бас прокурор
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер