Есірткі ісімен сотталғандар енді жазасын жеңілдете алады

image.png

Елімізде былтыр 27 желтоқсанда ҚР Президентінің бұйрығымен есірткі таратушыларға қатысты  Бұл заң 2025 жылы 3 наурызда заңды күшіне енеді.

Қылмыстық кодекстің 297 және 297-1-баптарына сәйкес қазір сленгке айналған «закладчиктерге» қатысты санкция төмендеді. 297-бапта көзделген жауапкершіліктер 3 тармаққа бөлінеді. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Медетбек Смағұлов KazInform агенттігіне берген сұхбатында тарқатып айтқан. 

— Бірінші тармағына сәйкес, егер тасымалданған есірткінің көлемі 50 гр дейін — марихуана, 5 гр дейін — гашиш, 0,02 гр дейін — мефедрон, 0,01 гр дейін — альфа-PVP болатын болса, бұл аз мөлшердегі есірткі деп танылып, 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді.

Екінші тармағы бойынша 6 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Көрсеткіштерге тоқталсақ, марихуана — 1 келіге дейін, гашиш — 200 гр дейін, мефедрон — 1,5 келіге дейін, альфа-PVP — 1 келіге дейін. Бұл ірі мөлшердегі есірткі тасымалдау деп есептеледі. 

Үшінші кезеңі — аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдау деп аталады. Бұл тармаққа сәйкес марихуана — 1,5 келіден, гашиш — 200 грамнан, мефедрон 1,5 келіден, альфа-PVP — 1 келіден жоғары болса, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру шаралары көзделген, - деді ол.

Санкциялар бұрынғысымен салыстырғанда төмендетілген. 

Ал, есірткі жасаушылар мен лауазымды тұлғаларға берілетін жаза керісінше қатаңдайды. Олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оған қоса, бұған дейін есірткіге қатысты қылмыс жасап, қазір түрмеде отырғандар да жаңа заңға сәйкес жазасын жеңілдете алады.

— Қазақстанда есірткіге қатысты 4 мыңнан астам сотталған адам бар. Оның 255-і — әйел, 9-ы — кәмелетке толмаған бала. Олар жеңілдетілген санкциядағы нормаларды қолдана алады. ҚР Қылмыстық кодексінің 6-бабына сәйкес, аталған норма заңды күшіне енгеннен кейін қылмыскер отырған әкімшілік немесе жазасын өтеушінің өзі сотқа ісін қайта қарау туралы арыз жаза алады. Сот арызды алған соң 1 ай ішінде істі қарайды. Статистикаға сәйкес, мыңнан аса жазасын өтеуші осы норманы пайдаланып сотқа арыз беру құқына ие, - дейді Медетбек Смағұлов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зеленский Трамптан кешірім сұрады
  • Алматыда Жириновскийге ескерткіш орнатылатыны рас па?
  • Автонесие: 2025 жылдан бастап не өзгереді?
  • Түркістан облысында жасы 100-ден асқан қанша ана бар
  • Магниттік дауыл: Наурыздағы ең қауіпті күндер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер