Блогерлерге қомақты сомада салық қарызы туралы хабаламалар келе бастады

image.png

Қазақстандық блогерлерге қомақты сомада салық қарызы туралы хабаламалар келе бастады. Бұл туралы пиар маманы Әлішер Елікбаев жазды, деп хабарлайды  BAQ.KZ.-ке сілтеме жасаған   rgmedia.kz тілішісі. 

Ол өзінің көптеген әріптесі миллиондаған теңге салықтық төлемдер алғанын атап өтті. Бірақ ол төлемдердің қалай есептелгенін ешкім түсіндіре алмайды.

Салық бойынша әріптестеріме хабарламалар келе бастады. Енді ана сомалар адам сенгісіз. Кейбіреулер 300 миллионов теңгеден астам салық төлемегені туралы хабарлама алды. Бұл олардың таза айналымы шамамен миллиард теңгеге жетті дегенді білдіреді, бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Сөйте тұра мұндай сомаларды есептегенде нені негізге алғандығы белгісіз. Енді олар мұнша көп табыс таппағанын дәлелдеуге мәжбүр, - дейді Әлішер Елікбаев.

Блогер өзі де осындай жағдайға тап болғанын айтты. Салық органдары оған 5 миллион теңге қарызы бар екенін хабарлаған. Елікбаев бұл сома бұрын өзі ұйымдастырған қайырымдылық шаралармен байланысты болуы мүмкін деп болжайды.

Екі рет донорлық бүйрекке, бір рет балалар хосписіне арналған реанимобильге ақша жинадық. Шамасы, салықшылар бұл түсімдерді кіріс ретінде есепке алса керек. Мән-жайды анықтаймыз, - деді ол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зеленский Трамптан кешірім сұрады
  • Алматыда Жириновскийге ескерткіш орнатылатыны рас па?
  • Автонесие: 2025 жылдан бастап не өзгереді?
  • Түркістан облысында жасы 100-ден асқан қанша ана бар
  • Магниттік дауыл: Наурыздағы ең қауіпті күндер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер