3 700-ге жуық мопед тіркелді

image.png

Ішкі істер министрлігі қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайту, сондай-ақ жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды белсенді жалғастыруда, деп хабарлайды  RG media.kz тілішіс BAQ.KZ.-ке сілтеме жасап.

Алматыда полиция қызметкерлері мопед иелері арасында көлік құралдарын тіркеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жол жүрісі қағидаларын сақтау қажет екендігін еске салды.

Барлық мопед иелері көліктерін 2025 жылдың 5 сәуіріне дейін тіркеуге міндетті.

Мопедті тіркеу үшін иелері тұрғылықты жері бойынша Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (арнайы ХҚКО) жүгініп, құжаттарды ұсынып, техникалық тексеруден өтіп, сондай-ақ көлікті тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеуі қажет.

Айта кету керек, 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Тіркелмеген мопедтерді пайдаланумен байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-тармағына сәйкес 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген.

Бүгінгі таңда республика бойынша 3 700-ге жуық мопед тіркелген, оның шамамен 1 400-і Алматыда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаев Оман сұлтанын Қазақстанға шақырды
  • Қазақстанда мәйітті «соймай» сот-медициналық сараптама жасайтын технология қолданысқа енеді
  • 3 700-ге жуық мопед тіркелді
  • Этникалық қазақтарға «Ата жолы» картасы беріледі
  • Этнические казахи могут воспользоваться картой «Ата жолы»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер