Қазақстанда мәйітті «соймай» сот-медициналық сараптама жасайтын технология қолданысқа енеді

image.png

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырысында сот-медициналық сараптама шаралары дәстүр мен дінге сай ету үшін компьютерлік томографияны қолдануды ұсынды деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған RGmedia.kz.  

- «Виртуалды аутопсияны» енгізу жоспарланып отыр. Бұл – қайтыс болғандарға сот-медициналық зерттеулер жүргізу үшін компьютерлік томографияны қолдану. Зерттеу мәйітті кеспей (соймай) жүргізіледі. Бұл ұлттық және діни дәстүрлермен қайшылықты болдырмауға көмектеседі, - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол сараптама қызметін автоматтандыру арқылы сараптама жүргізудің ашықтығын арттыруға болатынын айтты.

- Пилот ретінде күрделі емес екі-үш сараптаманы автоматтандыруды жоспарлап отырмыз. Жасанды интеллектті пайдалана отырып, «Е-сараптама 2.0» ақпараттық жүйесінің жаңа нұсқасын әзірлеу қажет. Себебі қолданыстағы жүйе заманауи талаптарға сай келмейді. Оны басқа ақпараттық жүйелермен, жабдықтармен біріктіру мүмкін емес. Бұл зерттеуді жүргізу кезінде сарапшының іс-әрекетін қадағалауға, сондай-ақ зерттеу кезіндегі болуы мүмкін ауытқулар туралы ескертуге мүмкіндік береді. Сарапшының іс-әрекеті мен әрекетсіздігі жөнінде ескертеді. Жүйенің өзінде зерттеу жүргізуге және «адамның қателіктерін» болдырмауға мүмкіндік беретін функция қарастырылады, - деді Ерлан Сәрсембаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Президент заңға қол қойды: Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне өзгеріс енгізіледі
  • Қытайдан Қазақстанға келген туристер саны 78% көбейген
  • Үкіметте Техноқала құру талқыланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер