Тоқаев Оман сұлтанын Қазақстанға шақырды

Screenshot_1.jpg

Мемлекет басшысы Оманның сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаидиді қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бадр әл-Бусаидиге ілтипат білдіре отырып, Оманды Қазақстанның сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі деп атады. Сондай-ақ, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейіл екенін жеткізді.

Президенттің айтуынша, Қазақстан мен Оман екіжақты деңгейдегі, сонымен қатар, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзара ықпалдастықты дамыта алады. Оған айтарлықтай әлеует бар.

Мемлекет басшысы орайлы сәтті пайдаланып, Оман сұлтаны Хайсам бен Тариққа сәлемін жолдап, оны елімізге сапармен келуге шақырды.

"Қазақстанның Оман мемлекетіне құрметі ерекше. Сіздің еліңізге азаматтарымыздың, соның ішінде кәсіпкерлердің, мәдениет қайраткерлерінің қызығушылығы өте жоғары. Сондықтан ынтымақтастығымызды жан-жақты және табысты ете түсу үшін оған тың серпін беру қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Шаңырақ» шағын ауданындағы инфрақұрылым мәселелері талқыланды
  • Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді ұсынды
  • Графикалық интерфейс элементтерін құру
  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Қазақстанда мұнайдың алты жаңа кен орны анықталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер