Іздеуде жүрген Сәдуақасов Шымкенттегі тергеу изоляторына қамалды

image.png

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып, іздеуде болған Тимур Сәдуақасовты Қазақстан аумағына жеткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелегені үшін күдікке ілінген.

2023 жылғы шілде айында Тимур Сәдуақасов пен адвокат Құрманбаев С.Н. өздерінің қызметтік байланысын пайдаланып, Долгалев В.И.-дің іскерлік серіктестеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастау мәселесін шешуді ұсынған.

Аталған мәселені шешу үшін Сәдуақасов пен Құрманбаев С.Н.-ға заңсыз сыйақы ретінде 225 млн теңге беру жөнінде келісім жасалған. Алайда, күдіктілер параның алғашқы бөлігі – 90 млн теңгені алғаннан кейін бұл қаражатты өз пайдасына жаратқан және өз міндеттемелерін орындамаған.

Кейін Сәдуақасов қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қауіптеніп, соттан жасырынған.

Ол мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Өзбекстан Республикасының Шекара қызметі тарапынан ұсталған. Соған байланысты оған қатысты шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық іс қозғалған.

2025 жылғы 25 ақпанда Түркістан облысындағы «Қапланбек» шекара бақылау-өткізу пунктінде ол Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлеріне тапсырылып, кейін Шымкент қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.

Жақын арада ол Павлодар қаласындағы тергеу изоляторына жеткізіледі. Аталған іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қарастырылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КІТАП ОҚИТЫН ҚАЛА: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСУДА
  • ГОРОД, КОТОРЫЙ ЧИТАЕТ: В ШЫМКЕНТЕ ФОРМИРУЕТСЯ НОВАЯ КУЛЬТУРА
  • Возрождение реки Кошкар ата: Шымкентская река превращается в современную рекреационную зону
  • Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы жаңа қарқынмен жүзеге асуда
  • От дефицита к развитию
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер