Магниттік дауыл: Наурыздағы ең қауіпті күндер

image.png

7 мен 19 наурыз аралығында Жер бетінде магниттік дауылдар болуы ықтимал, деп хабарлайды rgmedia.kz.

Дауыл 8-9 наурызда және 11 мен 14 наурыз аралығында шарықтау шегіне жетеді. Бұл күндері геомагниттік белсенділік Kp 5-ке дейін жетеді. Қалған күндері дауыл әлсіздеу болады.

Мамандар аталған күндері ауыр физикалық жүктемелерден тыйылып, алкоголь мен кофеин (көк шайды қосқанда) тұтынуды барынша қысқартуға кеңес береді.

7 наурыздан бастап индексі Kp 3-ті құрайтын әлсіз дауыл басталып, 9 наурызға дейін созылады.

9 мен 11 наурыз аралығында индексі Kp 3-пен дауыл болып, 11 мен 14 наурыз аралығында Kp 5-ке дейін күшейеді.

14 мен 16 наурыз аралығында қуаты Kp 4-ке төмендейді.

16 мен 18 наурыз аралығында индексі Kp 3-ті құрайтын дауыл қайталанады.

18 мен 19 наурызда дауыл Kp 3-ке дейін, ал 19 наурыздан соң Kp 2-ге дейін төмендейді.

Сарапшылар осы күндерде ерекше сақ болуға кеңес береді. Жақсылап тынығып, күйзеліске түспеген дұрыс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Система хочет купировать риски
  • МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: ЫҚПАЛДЫ ПАРЛАМЕНТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕПІЛІ
  • МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ЫҚПАЛДЫ ПАРЛАМЕНТ ТУРАЛЫ: ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАҢА БИЛІК АРХИТЕКТУРАСЫ НЕ ҮШІН КЕРЕК
  • УЛЫ ГАЗДАН УЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ!
  • КАК ПРЕДОТВРАТИТЬ ОТРАВЛЕНИЕ УГАРНЫМ ГАЗОМ!
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер