Түркістан облысында жасы 100-ден асқан қанша ана бар

image.png

Ең ұзақ жасайтын тұрғындар Төлеби ауданында тұрады. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, өңірде жасы жүзден асқан 57 адам тіркелген. Оның 51-і ақ жаулық әже болса, алтауы ер адам деп жазады ҚазАқпарат. 

Сондай-ақ, ғасырмен құрдас 10 адам бар болса, 101-106 жас аралығында 45 адам тұрады. Ал, Жетісай қаласының тұрғыны ең ұзақ жасаған ақ жаулықты әже атанып отыр. Кейуана биыл 110 жасқа толса, Қазығұрттық қария 108-ші көктемін қарсы алмақ.

Ғасыр жасаушылардың көпшілігі Төлеби ауданында қоныстанған. Яғни, мұнда жасы 100-ден асқан 9 азаматша бар. Мұнан кейінгі орында Жетісай, Қазығұрт, Түлкібас, Сарыағаш, Бәйдібек аудандары тұр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер