Салық кодексі. Temu, Pinduoduo секілді шетелдік маркетплейстерге талап күшейтілмек

image.png

Бүгінде еліміздің тұрғындары шетелдік маркетплейстен ешқандай кедергісіз сауда жасауға мүмкіндігі бар. Әсіресе Temu, Pinduoduo, Wildberries секілді маркетплейстер қазақстандықтар арасында танымал және кеңінен қолданылады. Енді жаңа заң бойынша олар Қазақстанда шартты тіркеуден өтпесе, бұғатталады деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі. Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша жаңа Салық кодексінде маркетплейстер арқылы сауда жасайтын тұлғалар жайлы деректер ашық көрсетіледі. Осы арқылы салық органдары кәсіпкерлердің қызметін қадағалап, есеп жүргізуді жеңілдетеді. 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін салық төлеушілердің қай режимде жұмыс істейтіні толық анықталып, үкімет қаулысымен бекітілмек.

"Қазіргі уақытта жеңілдетілген режимде – арнайы салық тәртібімен – жұмыс істеп жүргендердің басым бөлігі бұрынғыша сол тәртіпте қалады. Егер кімде-кім тыйым салынған қызмет түрлеріне кіретін болса (мысалы, лицензия немесе рұқсат талап етілетін қауіпті өнімдермен жұмыс істейтіндер), олар ҚҚС есептейтін тәртіпке көшеді", – деді вице-министр Мәжілістегі Қоғамдық палата отырысында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына 2,9 трлн теңге несие қарыз
  • Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды
  • Бүркітші қыз Түркістанда мұражай ашып, жастарды құсбегілік өнерге баулиды
  • Жамбылдық шенеуніктер қаржы жоқ деген желеумен балалардың спортпен шұғылдану кезегін заңсыз тоқтатқа
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер