Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Осы күндері кей өңірлерде үсік жүреді, деп хабарлайды "Қазгидромет" .
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с. Түнде 3 градус аяз болады.
Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Түнде 2 градус аяз болады.
Павлодар облысында күн күркіреп, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – 23 м/с. Павлодарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады.
Күндіз Қостанай облысының батысында және солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Түнде 1 градус аяз болады.
Қарағанды облысында түнде қатты жаңбыр жауып, кей уақытта бұршақ жауады. Түнде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні – кейде 15-20 м/с.
Ұлытау облысында түнде солтүстікте, шығыста, орталықта найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Жезқазғанда бүгін түнде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Өскеменде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.
Абай облысының орталығында күн күркіреп, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, солтүстікте, батыста, оңтүстікте, орталықта екпіні 23-28 м/с. Семейде күндіз найзағай ойнайды.
Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус аяз болады.
Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыс орталығына тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі.
Алматы облысында таңертең және күндіз оңтүстікте, таулы аймақтарда кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Түнде найзағай ойнайды.
Алматыда таңертең қатты жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қонаевта өткінші найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кейде 25 м/с.
Жетісу облысының таулы аймақтарында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Таулы аймақтарда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында түнде найзағай ойнайды. Облыстың таулы аудандарында түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауды. Оңтүстікте, шығыста, таулы аймақтарда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.