Марафондағы екі адам өлімі: Министр мәлімдеме жасады

image.png

14 сәуірде Алматыда  Almaty Half Marathon жартылай марафоны өткен болатын.  84 жастағы Аккоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади жарыс барысында көз жұмды. Екі қатысушының қаза табуына байланысты Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеме жасады деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі. Министр бұл жағдайды "ауыр әрі ерекше назар аударуды қажет ететін оқиға" деп, жағдайға  байланысты толыққанды тексеріс басталғанын атап өтті. 

"Қазіргі таңда жарысқа қатысушылардың денсаулығы, жарысты ұйымдастыру тәртібі, медициналық қызмет сапасы мен қауіпсіздік шаралары жан-жақты сарапталатын болады. Бұқаралық спорттық іс-шаралар қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуы тиіс. Осы бағытта нақты ұсыныстар әзірлеп, тиісті органдарға жолдаймыз", - деп жазды министр Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, министр жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық спорт шараларын өткізу талаптарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Қазақстандықтар микроқаржы ұйымдарына 2,9 трлн теңге несие қарыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер