Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді

image.png

Қайтарылған активтерді басқару агенттігі (KUVA.KZ) Астанада ҰҚК-нің сотталған экс-төрағасы, бұрынғы Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің құны 1,6 миллиард теңгені құрайтын зәулім үйі әлеуметтік қажеттіліктер үшін тәркіленгенін хабарлады деп жазады  rgmedia.kz  тілшісі. 

"Астана қаласының әкімдігінен аталған жылжымайтын мүлікті қаланың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында беру жөнінде ресми сұраныс түсті. Әлеуметтік маңыздылығы мен заңнама талаптарын ескере отырып, бұл нысан электрондық сауда жоспарына шығарылды. Нысанды әрі қарай пайдалану жергілікті атқарушы органның мүдделерін ескере отырып, белгіленген тәртіппен шешіледі", – дейді Қайтарылған активтерді басқару компаниясының өкілдері.

Бұған дейін Қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансында тұрған жылжымайтын мүлік Астана қаласы Нұра ауданына қарасты Қараөткел ықшамауданында орналасқан. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер