Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

image.png

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы — APLO-2025 өз мәресіне жетті. Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл  500-ге жуық оқушы қатысты.

 Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.

 Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті — 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:

Рамазан Бутантаев — 10 сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы;

Самир Сарбасов — 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы;

Тимур Кантаев — 11 сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы;

Зере Серікова — 11 сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы;

Темірлан Сейтбаттал — 11 сынып, БИЛ, Ақмола облысы.

Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

 Ислам Сипатталов — 10 сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы;

Шыңғыс Қарасаев — 11 сынып, НЗМ, Орал қаласы;

 Арон Хасанов — 11 сынып, БИЛ, Атырау қаласы.

 Лингвистикадан ҚР құрама командасының жаттықтырушысы — лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті — Аида Давлетова.

 Оқушыларымызды тамаша нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

 Анықтама үшін:

Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO) — жоғары сынып оқушыларына арналған халықаралық лингвистикалық олимпиада. Бұл олимпиада логикалық ойлау, тілдік түйсігі мен мәдениетаралық құзыреттілікті дамытуға бағытталған және Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға (IOL) қатысуға жол ашады. APLO — оқушыларға халықаралық деңгейде өздерін сынап көруге және академиялық ортада таныла түсуге үлкен мүмкіндік береді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шарм-эш-Шейх әуежайындағы трагедияға қатысты соңғы деректер мәлім болды
  • Шерзат Полат ісі: Сот блогерлерге ескерту жасады
  • Қыз алып қашқандардың жазасы қандай? ІІМ жауап берді
  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер