Биыл бірқатар жолдың құрылысы басталады

image.png

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында  13 мың шақырым жол қамтылады.  

«Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын», «Атырау-Доссор», Сарыағаш, Петропавл, Қызылорда және Рудный қалаларының айналма жолдарының құрылысы жүзеге асады. 

Құрылысы осы кезге дейін басталған жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын "Қалбатау – Майқапшағай", "Күрті – Қонаев", "Қызылорда– Жезқазған" және "Ұзынағаш – Отар" жолдарының реконструкциясы жалғасады. 

Ел тұрғындары жиі қолданатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орташа жөндеу бағдарламасының маңызы зор. 7 мың шақырым жол орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Олардың қатарында "Жезқазған – Петропавл", "Мұқыр – Құлсары", "Қандыағаш – Ембі -Ырғыз", "Қостанай – Қарабұтақ", "Өскемен – Шемонаиха", "Өскемен-Рахман кілттері", "Орал –Атырау"  жолдары бар. Бұл жұмыс бірнеше жыл қатарынан жөндеу көрмеген  жолдардың жай-күйін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. 

Қосымша жергілікті маңыздағы 4 мың шақырымға жуық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте қала мәслихатының төрағасы өндіріс жұмысшыларымен кездесті
  • Түркістанда түсірілген халықаралық тележоба 100 млн-нан аса қаралым жинаған
  • «Жаңа технологиялар мен инновацияларға басымдық – уақыт талабы»
  • «Ауыл» партиясының қарағандылық мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдады
  • 2025 жылы Қазақстанға 23,7 мың адам қоныс аударды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер