Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін

image.png

Елімізде ғалымдар киік санын реттеуге қатысты  биологиялық негіздеме әзірлеп жатыр.  Осы биологиялық негіздемеге сәйкес, киіктің белгілі бір санын аулау мәселесі көтеріледі.

Осы орайда Экология министрі Ерлан Нысанбаев аңшыларға киік аулауға рұқсат беру туралы тілшілер сұрағына жауап берді деп жазады RGmedia.kz тілшісі.

− Оны да қарастырып жатырмыз. Бірақ бұл жерде қауіп көп. Біздің кең байтақ даламыз үлкен, ал инспекторлар саны әр аңшының артынан еріп жүруге мүмкіндік бермейді. Бұл тәжірибе Совет дәуірінде болған. Бір жылдары рұқсат беріліп, бүкіл дала мүйізі кесілген киіктердің тушасына толған. Сол себепті биыл тек аналығына (рұқсат – ред.) береміз бе деп ойлап отырмыз. Бірақ қазір оның жолы, әр қадамы қалай болады – соны аңшылар ұйымымен өзіміз ақылдасып жатырмыз, − деді Экология министрі Ерлан Нысанбаев Сенатта өткен брифингте.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КІТАП ОҚИТЫН ҚАЛА: ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСУДА
  • ГОРОД, КОТОРЫЙ ЧИТАЕТ: В ШЫМКЕНТЕ ФОРМИРУЕТСЯ НОВАЯ КУЛЬТУРА
  • Возрождение реки Кошкар ата: Шымкентская река превращается в современную рекреационную зону
  • Шымкентте Қошқар ата өзенін абаттандыру жобасы жаңа қарқынмен жүзеге асуда
  • От дефицита к развитию
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер