Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды

image.png

Елордада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазір рельс жолының 11 шақырымы төселіп, бетонмен нығайтылды, деп хабарлайды CTS көлік компаниясы.

Бұл көрсеткіш эстакадалық желінің жалпы ұзындығының 50 пайызын құрайды. Сондай-ақ шпал төсеу және рельс монтаждау жұмыстары барлық учаскеде жүргізіліп жатыр. 

— Жобалық кестеге сәйкес, құрылыс жұмыстарының негізгі нысандары — «Нұрлы жол» теміржол вокзалы, Астана халықаралық әуежайы, Министрліктер үйі және Республикалық бас мешіт аумағында жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

Осылайша, құрылыс және инженерлік жұмыстар жоспарға сай жүзеге асырылып келеді. Станция инфрақұрылымын жабдықтау және электрмен қамтамасыз ету жүйелерін дайындау шаралары қолға алынған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Руханиятқа көрсетілген құрмет
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар толық жойылды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттары талаптарға сәйкестендірілді
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар жойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер