«Қазақмысқа» жаңа басшы келді

image.png

Руслан Өскенәлі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды корпорацияның баспасөз қызметі. 

Руслан Өскенәлі 1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған, сондай-ақ Woodbury University жоғары оқу орнында MBA дәрежесін алған.

Коммерциялық және өнеркәсіптік құрылымдардың басқарушылық қызметінде тәжірибеcі мол. Әр жылдары «Қазақмыс» корпорациясы, Alstom және General Electric сынды ірі халықаралық және ұлттық компанияларда басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2024 жылдың наурыз айынан бастап Qarmet компаниясында жабдықтау жөніндегі директор қызметін атқарып, сатып алу функциясын стратегиялық дамытумен және жабдықтау процесін оңтайландырумен айналысты. Сондай-ақ басқарма мүшесі ретінде компанияның жалпы басқарушылық мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысқан.

Жалпы алғанда, оның кәсіби жолы ірі кәсіпорындардың активтері мен операциялық қызметін басқару тәжірибесін, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыруды қамтиды.

Руслан Өскенәлі тиімділіктің жоғары стандарттарына адалдығымен, корпоративтік мәдениет құндылықтарын құрметтеуімен және ұйым ішіндегі кадрлық потенциалды дамытуға ұмтылуымен ерекшеленеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Система хочет купировать риски
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер