1600-ден астам қылмыскер ұсталды

Screenshot_1.jpg

2025 жылы халықаралық ынтымақтастық белсенді түрде дамыды. Қазақстан аумағынан тыс жерлерде соттан бой тасалап жүрген 156 қылмыскер ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, ел аумағында ТМД елдері мен алыс шет мемлекеттердің сұрауы бойынша іздеуде болған 639 адам қолға түскен. Бұл мемлекетаралық өзара іс-қимыл мен жедел ақпарат алмасудың тиімділігін айқын көрсетеді. 

Ішкі істер министрлігі заң мен тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда. Ведомство қызметінің негізгі басымдықтарының бірі – қылмыскерлерді іздестіру және ұстау. Нәтижесі – 2025 жылы түрлі қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 1600-ден астам адам ұсталды. Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру саласында да елеулі нәтижелерге қол жеткізілді. 2025 жылы жоғалды деп есептелген 20 мыңнан астам адамның жүрген жері анықталды, олардың 6 мыңнан астамы балалар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 1600-ден астам қылмыскер ұсталды
  • «Қазақмысқа» жаңа басшы келді
  • В Шымкенте реализуются проекты по повышению качества жизни населения
  • Шымкентте тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар іске асырылуда
  • Парманов Шымкент қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер