
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасы халқының көші-қонына қатысты жаңартылған мәліметті таратты.
Алдын ала деректер бойынша 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында елге (ықтиярхат алғандар) 23 761 адам келіп, ал 7 608 адам елден кеткен. Бұл ретте көші-қон сальдосы — 16 153 адам.
2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстаннан көшіп кеткендер саны 40,5%, көшіп келушілер саны 20,7% азайған.
— Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді. Достастық елдерінен келгендердің үлесі 81,8%, ал осы елдерге кеткендердің үлесі 71,8% құрады. Мемлекет ішінде көшіп-қонушылар саны 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,6% өскен, — делінген хабарламада.
Өңіраралық көші-қонның оң сальдосы еліміздің 4 өңірінде қалыптасты:
Астана (87 459 адам),
Алматы (12 110 адам),
Шымкент (15 130 адам) қалаларында,
Алматы облысында (33 126 адам).
