Тоқаев Түркістанда зиялы қауым өкілдерімен және өңір белсенділерімен кездесті

image.png

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында Достық үйінде зиялы қауым өкілдерімен және өңір белсенділерімен кездесті.

Кездесу барысында Президент жиналған жұртшылықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады.

Солардың қатарында «Ауыл» партиясының Түркістан қаласы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Раманкулов Бақытжан Сұлтанұлы «Ерен еңбегі үшін» орденімен марапатталды.

Бұл – көп жылғы адал еңбектің, елге сіңірген қызметтің лайықты бағасы.

Құттықтаймыз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КазНУ и китайские партнеры создадут три R&D-центра
  • ҚазҰУ мен Қытайдың технологиялық серіктестері үш R&D орталығын іске қосады
  • Орта Азия мен Қазақстандағы тұңғыш қорық: «Ақсу-Жабағылыға» биыл 100 жыл
  • Руханиятқа көрсетілген құрмет
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер