Нұрлыбаев Түркістан облыстық фтизиопульмонологиялық орталығын басқарады

Амангелді Нұрлыбаев Түркістан облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы басшысы міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Жанболат Ділдәбеков таныстырды.

Screenshot_4.jpg

Аманкелді Ергешбекұлы – денсаулық сақтау саласында 30 жылдан астам еңбек өтілі бар, жоғары білікті ұйымдастырушы дәрігер. Әр жылдары жедел медициналық жәрдем ауруханасында дәрігер-реаниматолог болып қызмет атқарып, кейін аудандық және қалалық деңгейдегі бірқатар медициналық ұйымдарда басшылық лауазымдарда еңбек етті.

Еңбек жолында Сарыағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері, Шымкент қалалық №2 балалар ауруханасының басшысы, облыстық балаларды оңалту орталығының жетекшісі, сондай-ақ қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері қызметтерін абыроймен атқарған. Соңғы жылдары Шымкент қалалық қан орталығының директоры лауазымында жұмыс істеді.

Аманкелді Ергешбекұлы денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталған. Олардың қатарында «Шапағат» медалі, «Алтын дәрігер» төсбелгісі және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағы бар.

Жаңа басшының кәсіби тәжірибесі мен басқарушылық қабілеті Түркістан облысында фтизиопульмонологиялық қызметтің сапасын арттыруға және саланың одан әрі тиімді дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді ұсынды
  • Графикалық интерфейс элементтерін құру
  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Қазақстанда мұнайдың алты жаңа кен орны анықталды
  • ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДАҒЫ МӘСЕЛЕ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер