Рамазан Бектұрғанов —Түркістан облыстық офтальмологиялық ауруханасының басшысы

Рамазан Бектұрғанов Түркістан облыстық офтальмологиялық ауруханасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбксары Жанболат Ділдәбеков таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Screenshot_5.jpg

Рамазан Сейдахметұлы – денсаулық сақтау саласында көпжылдық тәжірибесі бар, жоғары білікті дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау менеджменті бағыттары бойынша жоғары санатты маман.

Еңбек жолын санитарлық-эпидемиологиялық қызметте бастап, кейін жоғары медициналық білім беру жүйесінде ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор міндетін атқарушы қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент медицина институтының директоры қызметін абыроймен атқарған.

Әр жылдары Шымкент қалалық көпсалалы ауруханасының бас дәрігері, №4 қалалық емхананың басшысы, сондай-ақ облыстық фтизиопульмонология орталығының басшысы қызметтерінде еңбек еткен.

Рамазан Сейдахметұлы денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталған. Олардың қатарында «Алтын дәрігер» медалі, «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісі және өзге де жоғары марапаттар бар.

Жаңа басшының кәсіби тәжірибесі мен басқарушылық қабілеті Түркістан облысында офтальмологиялық қызметтің сапасын арттыруға және саланың одан әрі дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Рамазан Бектұрғанов —Түркістан облыстық офтальмологиялық ауруханасының басшысы
  • Нұрлыбаев Түркістан облыстық фтизиопульмонологиялық орталығын басқарады
  • Түйе үстінде жамбы атудан қазақ қызы әлемдік рекорд орнатты
  • КазАТИУ им.С.Сейфуллина впервые вошел в международный предметный рейтинг
  • С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ алғаш рет халықаралық пәндік рейтингіне енді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер