Акция аясында мазмұнды экологиялық шара өткізілді

Screenshot_41.jpg

Бүгін Сайрам ауданында Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мазмұнды экологиялық шара өткізілді. Іс-шара барысында «Ауыл» партиясының Сайрам ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы Жайлаубеков Есіркеп Оразбекұлы және партия белсендісі Тиналиева Гульзира Сериковна белсенді жастармен бірге ағаш отырғызып, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты аялаудың маңызын насихаттады.

Акция аясындағы бұл игі бастама жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, туған жерді көркейтуге және қоғамда тазалыққа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталды. Табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет екенін көрсеткен шарада қатысушылар ел болашағы үшін мұндай бастамалардың маңызы зор екенін атап өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер