
Бүгін Сайрам ауданында “Сайрам-Су” өзені үстінен өтетін көпір құрылысының барысымен танысу жұмыстары жүргізілді. Аталған маңызды нысан “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлының бастамасымен жүзеге асырылып, құрылыс жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Көпір құрылысы – тұрғындардың қауіпсіз қатынауын қамтамасыз етіп, аудан инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды жоба. Игі бастама ел игілігі үшін атқарылып жатқан нақты істердің бір көрінісі.
