Р-1 каналы қоқыстан тазартылды

Screenshot_46.jpg

Сарыағаш ауданында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында тағылымды сенбілік өтті. Шараға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Салыбек Қайрат Келесұлы, партия белсенділері және “Қазақ аналары – Дәстүрлі жол” қоғамдық бірлестігі қатысты.

Сенбілік барысында Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы ауылында орналасқан Р-1 каналы қоқыстан тазартылып, шаруашылықтардың егістігіне су кедергісіз жетуіне жағдай жасалды. Сонымен қатар ағаш көшеттері отырғызылып, өзен арналары тазартылды.

Игі шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу. Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет екені тағы бір мәрте насихатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер