«AMANAT» бастамасы: Тасарықтағы балалар лагерінің жаңа тынысы

Screenshot_3.jpg

«AMANAT» партиясы - отбасылық құндылықтарды дәріптеуді маңызды мақсат-міндеттерінің бірі ретінде қарастыратын саяси күш. Мәселен, «Бақытты отбасы» атты партиялық жоба аясында  балалардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық шараларды іске асыру көзделген. Осы бағытта Түркістан өңірінде  жүзеге асырылған ауқымды жобалардың бірі -  Төле би ауданы  Тасарық елді мекенінде орналасқан «Алатау» лагері. Жылына 3000 бала демалатын оқу-сауықтыру нысанының лентасы  былтыр қиылды.

Ғалымжан Елшібай «AMANAT» партиясынан сайланған Түркістан облыстық мәслихатының  депутаты ретінде  халық  алдындағы кезекті есептік кездесуін осы «Алатау» лагерінде өткізді. Айта кетерлігі, бұған дейін осы ғимаратта   жұмыс істеп келген  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы былтыр Сауран ауданындағы жаңа 50 орындық оңалту орталығына көшірілген болатын. Босаған ғимараттың тағдыры жайлы әрқилы ұсыныстар айтылып, бұл мәселе  облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен сессиясында да өте тартысты талқыланды. Осы тақырыпта Тасарық ауылында өткен бір емес, бірнеше  көшпелі қоғамдық қабылдау  барысында депутат тұрғындардың өтініш-тілектерін де тыңдады. Ақыры мұнда балалар лагерін ашуға қол жеткіздік. 13 гектардай жерді алып жатқан нысанның әлеуеті жоғары. Ғимарат ағымдағы жөндеуден өтіп, жаңа 270 шаршы метрлі бассейн салынды. Лагерь аумағында асхана, акт және спорт залы, жазғы концерт алаңшасы бар. Қазір мұнда бір мезетте 260  баланы қабылдай алатын мүмкіндік  бар.

Кездесу барысында депутат ұжым мүшелерін «AMANAT» партиясының бастамалары мен жобалары, ең әуелі - сайлауалды бағдарламасының өңірде іске асырылу барысы жайлы құлақтандырды. Елдегі қоғамдық тыныс-тіршіліктің әр саласын жаңғыртуды көздейтін «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Бақытты отбасы», «Тұрғындар аманаты» секілді партиялық жобалар жайлы мәлімет берді. Ол етк партиялық жобалармен шектелмей мәселен Ақпарат және мәдениет министрлігінің  шығармашыл жастарды қолдау мақсатында 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтарға 6 номинация бойынша грант беруге бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты жобасына ерекше тоқталып өтті. Осы байқауға белсенді түрде  қатысып, бақ сынауға шақырды.

Жиында тек атқарылған жұмыстар емес, нақты кемшіліктер мен олардың шешілу жолдары да тілге тиек етілді.  Басқосу барысында «Алатау» оқу-сауықтыру орталығының директоры Самат Амангелдиев лагердің жұмысына қатысты жоба-жоспарларымен бөлісті. Жиынға қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар да  қойылды. Мәселен, Қасқасу ауылының тұрғыны Назерке Ниязбек интернет байланыс сапасының нашарлығын алға тартты. Бұл  мәселе  Төле би ауданындағы өткізген қоғамдық қабылдауларда бірнеше рет қозғалған болатын. Осы түйіткілді шешу бойынша  интернет операторлары мен облыстық цифрландыру басқармасы басшылығының тарапына арнайы депутаттық сауалдар да жолданған болатын.  Жағдайды түзеу бойынша уәделер беріліп жатқанымен, әзірше жағдай көңіл көншітпей тұрғаны рас. Бұл мәселе алдағы уақытта да депутаттың назарында болмақ.

Төле би өңіріндегі көптеген елді мекендерде инженерлік инфрақұрылым мәселелері жүйелі түрде шешімін тауып келе жатқанына қарамастан, жер-жерде түрлі кемшіліктер орын алып жатады. Айталық, Тасарық ауылының тұрғыны Әбдіманап Қыпшақов жел тұрғанда электр энергиясының жиі өшетінін алға тартты. Сауықтыру лагерінің қызметкері Нұрбек Момбаев сонау 1988 жылы салынған ғимараттың күрделі жөндеуді қажет ететініне, сонымен қатар балаларды қызықтыратын бағыттар – туризм мен альпинизм бойынша қандай-да дәрістерді жүргізуге мүмкіндіктің жоқтығын  тілге тиек етті. Балаларды ауданның тарихи және табиғаты тамаша жерлерін аралатуға апаратын автобус жоқтығы да ойдағы шаруаларды орындауға қолбайлау болып тұр. Әрине күрделі жөндеу көрмегеніне 40 жылға жуықтаған ғимараттың жағдайы алаңдарлық мәселе. Бұл мәселені алдағы уақытта қарастырып, әуелі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу керектігін атап өттім.

Жиыннан соң депутат лагерді аралап, тыныс-тіршілігімен танысып шықты. Мұнда балалар үшін ыңғайлы жатын орындар, кең асхана, сонымен қатар жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған үйірмелер жұмыс істейді. Сурет салу, ән айту, би билеу, қолөнер секілді түрлі бағыттағы іс шаралар ұйымдастырылған. Одан бөлек спорттық үйірмелер де  жұмыс істеуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер