
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылып, ауыл тұрғындары туған жердің тазалығы мен көркеюі жолында бір мақсатқа жұмылды.
Игі шараға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, «Aуыл» партиясы Кентау қалалық жастар қанатының жетекшісі Бурашов Шоқан Уәлиханұлы, «Aуыл» партиясы Кентау қалалық филиалының мүшелері, Қарнақ ауылындағы белсенді партия мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарының басшылары, жастар қанатының еріктілері және ауыл жастары қатысты.
Сенбілік барысында ауыл аумағы қоқыстан тазартылып, су жағалаулары ретке келтірілді, құрғаған ағаштар мен бұталар қырқылып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауылдың экологиялық ахуалын жақсарту және жасыл желекті көбейту мақсатында көшеттер отырғызылды.
«Aуыл» партиясының Кентау қаласы бойынша жастар қанатының жетекшісі Бурашов Шоқан Уәлиханұлы жастарды қоғамдық іске белсенді араласуға үндеп, туған жерге жанашырлықпен қараудың, тазалықты сақтау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызын ерекше атап өтті. Оның бастамасымен жастар ұйымшылдық танытып, сенбілік жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен атсалысты.
«Aуыл» партиясының мүшелері бұл игі іске белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Осындай шаралар елдің бірлігін арттырып қана қоймай, жас буынға еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және туған жерге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісін көрсетеді.
Таза ауыл – таза болашақтың кепілі!
