Жұрт артынан іздеп келді – полиция Алматыда Ринаттың ұсталуына байланысты

2019061110295256769_2019061109290658148_2019061022092125504_.png

Ринат 10 маусымда түстен кейін Алатау ауданында өткен рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін ұсталған.

– Түсіндіру жұмыстарынан кейін Зайытов үйіне жіберілді. Сәлден кейін Полиция департаменті ғимаратының алдына Зайытовпен кездестіруді талап еткен бір топ азамат жинала бастады. Оларға Ринаттың үйіне жіберілгені туралы хабарланса да, жиналған топ тарқамай тұрып алды. Жиналғандардың түрі жаман екенін, жиналыстың арты жаппай тәртіпсіздіктерге ұласып кетуі мүмкін екенін сезген құқық қорғау органдарының талабымен Зайытов жұрт жиналған жерге жеткізіліп, олардың алдында сөз сөйледі. Ринат жиналғандарды тәртіп бұзбауға, құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындауға шақырды. Аталған дерек прокуратура органдарының бақылауына алынды,, – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Департамент өкілдері және еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізді
  • Тіл – ең асыл құндылық
  • Шымкентте «Айбары мықты – ата заң» атты дөңгелек үстел өтті
  • Мангистауские врачи и студенты пройдут бесплатное обучение и повысят квалификацию в Турции
  • ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер