Шымкентте 16 722 жұмысшының жалақысы орта есеппен 22%-ға өскен

Screenshot_3.jpg

Биыл 6 ай мерзімде Шымкент қаласында мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан барлығы 152 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде  131 заң бұзушылық анықталды. 

Анықталған заң бұзушылықтардың негізінде 68 нұсқама беріліп, еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 5,4 млн. теңге көлемінде 40  айыппұл салына отырып, жалпы 110 жұмыскердің 10,2 млн. теңге жалақы қарыздары мен пайдаланылмаған жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарының күндері үшін өтемақы төлемдері өндірілді. Сонымен қатар, салынған айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушыларға өткізіліп, олар тиісті жұмыстарын атқаруда. Бұл жөнінде бүгін Шымкент қалалық еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының басшысы Б.Қалжанов хабарлады. 

Сонымен қатар, қазіргі таңда халық үшін ең маңызды мәселе – жалақы екені белгілі. Шымкентте бұл мәселе өз шешімін тауып келеді. Қаладағы жалақысы төмен жұмысшылардың айлық табысын көтеру жұмысына мониторинг жүргізу жөніндегі штаб құрылған. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есеге – 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін арттыру тапсырмасын Шымкент қаласында іске асыру мақсатында жедел түрде  жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысын көтеру жұмысына мониторинг жүргізу жөніндегі штаб (бұдан әрі - Штаб) құрылып, 70-тен астам ірі және орта кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізілді.

Статистика департаментінің мәліметінше қалада жалпы 20 748 кәсіпорын, оның 143-і ірі, 341-і орта, ал 20 264-і шағын кәсіпорын ретінде өз жұмысын жалғастыруда. Басқарма тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ірі, шағын және орта  261 кәсіпорында 16 722  жұмысшының жалақысы орта есеппен 22%-ға өскен. Мониторинг жүргізу жалғасуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Президент заңға қол қойды: Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне өзгеріс енгізіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер