Оқушыларға қағаз оқулықтың орнына планшет пайдалануға рұқсат етіледі


«Электронды оқулықтарға қатысты айтар болақ, қағаз оқулықтар қолданыста бола береді. Барлық балада оқулықтардың қағаз нұсқасы болуы тиіс. Биыл Білім министрлігі «ата-ана таңдауында» деп айтса, жағдай басқаша. Осыған дейін де сондай талап болды. Егер ата-ана баласының оқулықтың электронды нұсқасын қолданғанын қаласа, мұндай мүкіндікті береміз. Оны QR-код арқылы жүктеп алуға болады», - деді Білім министрі.

Ол өзіне оқушыларға мұғалімдер электронды оқулықтар қолдануға рұқсат бере ме деген сауал жий қойылатынын айта кетті.
 
«Оқу жылының басында нұсқаулық-әдістемелік хатта оқушының таңдауында екенін жеке жаздық. Егер ата-ана баласының электронды нұсқамен, шартты түрде айтқанда, планшет немесе ноутбукпен келуін қаласа, онда ешкім оған тыйым салмайды. Бұл оқушы мен оның заңды өкілдерінің таңдауы», - деді ведомство басшысы. 

Министр балаларына оқулықтардың қағаз нұсқасын қолдануға рұқсат беретінін айтты. 

«Ата-ана ретінде, балама оқулықтардың қағаз нұсқасын беремін. Мүмкін өте дәстүрлі қарайтын болармын, бірақ шынымды айтсам, қағаз нұсқада оқимын. Телефоннан, планшеттен оқу үйреншікті емес, әдеттен өзгеше. Дегенмен біреу электронды нұсқаны оқығысы келсе, оларға БҒМ мұндай мүмкіндік береді», - деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында алғаш рет магистратураға түсу үшін ашық негізде тестілеу өткізу арқылы қаншама келеңсіз жағдайлар анықталғанын айтқан еді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер