«Бастауға» қатысып, бизнесін бастағандар бас қосты

Screenshot_18.jpg

Түркістан облыстық  Кәсіпкерлер палатасының ғимаратында Түркістан қаласы бойынша «Бастау» жобасының үшінші легті оқып шыққан 46 түлек жиналды. Олардың 42-і өздерінің бизнес жоспарларын қорғады.

Олардың бірі Түркістан қаласының тұрғыны Усманов Сайдазим. Бір жылдан бері жас кәсіпкер тәтті кәмпит өндіру бойынша жобасын іске асыруда. Айта кетейік, бұл Түркістан облысында балаларға арналған кәмпит шығаратын жалғыз өндіріс. Жоба бойынша бизнес негіздерін меңгерген кәсіпкердің ендігі ойы, өз өндірісін кеңейтіп, жаңа технологиялар алу. Ол үшін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша 6 млн теңге көлемінде қаржы алуға ниетті.

Ал жас келіншек, Балжан Демизах нан және тәтті тоқаш өнімдерін өндіру бойынша өз бизнесін ашу міндетін алға қоюда.

Өз ісін енді бастап келе жатқан түркістандық кәсіпкер Мақсат Махмұтжан пенопласт өндіретін шағын цехқа ие. Кәсіпкерде қасбеттік декорациялар бойынша үлкен тапсырыстар бар. Сертификат алғаннан кейін Мақсат, инновациялық идеялар грантына қатысып, 3 млн теңге көлемінде грант ұтып алуды жоспарлап отыр.

Палата сарапшыларынан басқа жергілікті атқарушы органдар мен «Ырыс» қорының өкілдері де кірген облыстық комиссияда жобаларын қорғағаннан кейін, «Атамекен» қаржы ұйымдарының несие комитетінде бизнес-жобаларды қорғауға белсенді қатысатын болады.

«Облыстың Кәсіпкерлер палатасы сервистік қолдаудың аясында жобалардың әрқайсысын сүйемелдейтін боламыз. Яғни, шын мәнінде жаңадан бастаған бизнесмен, оқуын аяқтап, несие алған соң нарықпен жалғыз қалдырмаймыз, жыл бойы оны қолдап, бағыттап отырамыз», – деді қаржыалай емес қолдау бөлімінің бастығы Жанна Тілеубекова.

Қолдарында сертификат алып, бизнес-жобаны сәтті қорғап шыққан түлектер ендігі кезекте «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», Микроқаржы ұйымдары және несие серіктестіктерінен жеңілдетілген несие алуға өтінім бере алады.

Бірақ, жобаның қатысушылары үшін ең маңызды артықшылық – бұл оқыту толықтай тегін және шәкіртақы төленетіндігі. Бұл түркістандық өз бизнесін дөңгелетуді жоспарлап жүргендер үшін үлкен мүмкіндік дейді мамандар. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер