«Фараб» заманауи технологияларды қолдануда

Screenshot_19.jpg

Облыс орталығы мәртебесін алған сәттен бастап Түркістанда ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм саласы жоғары қарқынмен дамып келеді

Қазіргі Түркістан – бүкіл әлемге әйгілі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ғана емес, облыстың өнеркәсіптік және логистикалық орталығы. Миллиондаған өнім айналымы бар ондаған кәсіпорын жергілікті индустриялық аймақта жұмыс істеуде.

Түркістан индустриялық аймағында 20 кәсіпорын жұмыс істейді. 2018 жылы олар 2,6 миллиард теңгеге өнім өндірді.

Киелі шаһардағы ірі өндіріс орындарының бірі  «Фараб» ЖШС комбинаты. Компанияның айрықша ерекшелігі өндірістің заманауи технологияларын қолдануында, бұл өнімнің гигроскопиялығына теріс әсер ететін тауарлық түрін жақсартушы химиялық заттарды қоспай, кез келген сұрыпты мақта талшығынан жоғары сапалы мақта өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Бұл кәсіпорын кәсіби мамандармен қамтамасыз етілгендігі қуантады, қазір олар өнімнің өзіндік құнын арзандатумен, сондай-ақ жаңа өткізу нарықтарын іздестірумен айналысуда.

Сонымен қатар, индустриялық аймақтың аумағы 300 гектарға дейін ұлғайып, заманауи зауыттар мен фабрикалар салынатын болады. Бүгінгі күні шетелден инвесторларды тарту бойынша жүйелендірілген жұмыс жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер