Үшінші мегаполисте үш ауысымда білім беру мәселесі оңтайлы шешіліп келеді. Бүгінгі таңда қалада үш ауысымды 19 мектеп болса, қыркүйек айында 4 мектептің мәселесі толық шешілді. Бұл туралы Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Текебаева қалалық әкімдіктің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.
— 2019-2020 оқу жылында Шымкент қаласындағы 701 білім беру мекемелерінде 305 696 балалар білім алуда. Бүгінгі таңда, баскармаға қарасты мектептердің 127-і типтік ғимаратта, 7-і мектеп Ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Білім саласына 2019 жылға 77 987 821,0 мың теңге бөлініп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 35%-ға артып отыр. 501 мектепке дейінгі мекемелерде 76 339 бала қамтылған (o.i. 57 мемл. — 21 954, 416 жекем. — 42 699, мектепалды даярлық топ — 11 474). Қазіргі таңда, қаладағы балабақшамен қамтуды қажет ететін 3-6 жастағы 73 031 баланың 69 559-і немесе 95,2%-ы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылған, — деді А.Қалыбайқызы.
Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес Шымкентте 4, 9, 10-сыныптарды оқулықтармен 100% қамтамасыз ету және 1-сыныптың 4000 оқушыға арналған оқулықтар алуға 2 млрд. 141 млн. 905 мың теңге қаралған (оның ішінде оқулықтарды тасымалдау үшін - 9 млн. 416 мың теңге). Оқулықтарды сатып алу бойынша 13 баспамен келісім-шарттар жасалып, қазіргі таңда оқулықтар 100% (жалпы оқулық саны – 1 186 907 дана) қалаға жеткізіліп, мектептерге таратылды. Енді мектеп оқушылары оқулық жетіспеушілігінен қиналмайды.