Facebook-та 400 миллионнан астам қолданушының телефон нөмірлері желіге ашық жарияланып кетті

Screenshot_6.jpg

Facebook әлеуметтік желісінде 400 миллионнан астам қолданушының  телефон нөмірлері желіге ашық жарияланған, деп хабарлады rgmedia.kz тілшісі  TechCrunch басылымына сілтеме жасап.  

TechCrunch басылымы,  фейсбукта қолданушылардың аты-жөні, жұмыс істейтін жері туралы толық мәліметтер көрсетіліп тұрады. Осыған орай, базаға АҚШ азаматтарының 133 миллион, Вьетнам азаматтарының 50 миллион, Британия тұрғындарының 18 миллион және өзге мемлекет тұрғындарының желі қолданушыларының аккаунты тіркелген деп атап өтті .

Шілде айында АҚШ-тың Федералдық сауда комиссиясы қолданушылардың жеке мәліметтері ашық шығып кеткені үшін Facebook компаниясына бес миллиард доллар айыппұл салған. Басылым бұл мәліметтердің ашық жариялануы алаяқтар тарапынан SIM-карталарды алмастырып қоюға, спам жөнелтуге мүмкіндік береді деп есептейді.

Facebook компаниясына қатысты тергеу жұмыстары  2018 жылы басталып, онда журналистер Дональд Трамптың президенттік сайлау кампаниясында британиялық "Cambridge Analytica" компаниясы әлеуметтік желі қолданушылардың мәліметтерін пайдаланды деп айыптаған. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер