Бәйдібек ауданының мұғалімдері спортта да үздік!

27.09.jpgБәйдібек ауданы мектептерінің мұғалімдері салауатты бала оқытумен ғана емес, салауатты өмір салтын ұстануларымен де көпке үлгі. Балаларды білім нәрімен сәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы облыста да үздік атанды. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрдос Дүйсебаев хабарлады.
Жақында Сайрам ауданында Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты білім бөлімдерінің мектептері арасында облыстық мұғалімдер спартакиадасы ұйымдастырылып өткізілді. Аталған облыстық жарыста мұғалімдер спорттың волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, арқан тарту, футзал, баскетбол түрлерінен бақ сынасты.
Мұғалімдер спартакиадасына Бәйдібек ауданынан С.Әбдіжаппаров, М.Әуезов, Бөген, С.Ерубаев, Есіркеп батыр, Жамбыл, Жиенқұм, Ө.Жолдасбеков, Қайнар, Майбұлақ, О.Тайманов, Ш.Уалиханов, Шаян, Қаратау, Сарыбұлақ, Теректі, Жаңаталап негізгі орта мектептерінен жасақталған құрама команда қатысты.
Облыстық спартакиаданың қорытынды есебі бойынша, бәйдібектік ұстаздар Сайрам ауданының мұғалімдерінен жасақталған командаға ғана жол беріп, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Үшінші орын Арыс қаласының ағартушыларына бұйырды.
Көш бастаған үздік үштік Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының және Түркістан облысының әдістемелік орталығының мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Шымкент қалалық мәслихатында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер