Бүгін Түркістан қаласында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО), мемлекеттік органдар, сондай-ақ Түркістан облысының іскерлік және академиялық топтары өкілдерінің қатысуымен «АХҚО инвесторлары халықаралық апталығы» өтуде.
Халықаралық инвесторлар апталығы жыл сайын әлемнің 80 елінде бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның халықаралық ұйымының (IOSCO) қолдауымен өткізіледі, АХҚО іс-шараның қазақстандық серіктесі.
Іс - шараның мақсаты - халықтың қаржылық қызметтерді тұтынушыларын қорғау туралы хабардар болуын арттыру, инвестициялаудың негіздері мен АХҚО-да бизнесті жүргізу шарттары туралы ақпараттандыру.
Инвесторлардың халықаралық аптасын өткізу АХҚО қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау жөніндегі IOSCO стандартына бейілділігін көрсетеді.
«Халықаралық инвесторлар апталығы» бағдарламасы Қазақстанның 6 қаласын, оның ішінде Түркістан қаласын да қамтиды.
«АХҚО инвесторлары халықаралық апталығы» академиялық және іскерлік топтар үшін презентациялар мен ақпараттық сессиялар форматында өтуде.
3 қазанның бірінші жартысында жастар мен академиялық топтардың қаржылық және инвестициялық мәдениетін қалыптастыру және инвестициялау негіздері туралы ақпараттандыру мақсатында аймақтық жоғары оқу орындарының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы үшін дәрістер өтеді. Бастамашылық шеңберінде сондай – ақ мемлекеттік қызметшілер-Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары үшін семинарлар өтеді.
Күннің екінші жартысында өңірлік бизнес үшін тұсаукесерлер өтеді, оның барысында қаржы қызметтерін тұтынушыларды қорғау, бизнес үшін АХҚО мүмкіндіктері, жасыл және ислам облигацияларын шығару ерекшеліктері, АХҚО-да тіркеудің артықшылықтары мен рәсімі және орталықтың білім беру бағдарламалары туралы баяндалады.
Іс-шараның спикерлері қаржы қызметтерін, қаржы технологияларын реттеу, жасыл және ислам облигацияларын шығару, бағалы қағаздар нарығында инвестициялау, сондай-ақ үздіксіз кәсіби даму саласындағы АХҚО сарапшылары болып табылады.
Анықтамалық ақпарат:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету.
АФСА АХҚО тәуелсіз реттеушісі, «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық қызметті және олармен байланысты қызметті реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Конституциялық заңына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады. AFSA қаржы компаниялар мен нарықтық мекемелерді лицензиялау, тіркеу, аккредитациялау, және қадағалау секілді АХҚО қызметтерін реттейді.
Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының (IOSCO) – бүкіл әлемдегі бағалы қағаздар нарығының реттеуші органдарын біріктіреді және бағалы қағаздар нарығына арналған халықаралық стандарттарды белгілейді. IOSCO міндеттеріне ұлттық реттеуші органдармен бағалы қағаздар нарығын реттеудің халықаралық танылған стандарттарын әзірлеу, енгізу және сақтауға жәрдемдесу жөніндегі ынтымақтастық кіреді.