Нұр-Сұлтанда жәрмеңке өтті

Screenshot_2.jpg

ҚР Конституция күніне орай, 31 тамыз және 1 қырқүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты дәстүрге айналған Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

Шараға Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысып, жәрмеңкені аралап, халықпен тілдесті. 

Жәрмеңкеге "Қазақстанда жасалған" жобасы аясында Жетісай ауданынан "Улугбек" ЖК аяқ киім өнімдерін, Төлеби ауданы "Ленгер Текстиль" ЖШС-і арнайы жұмыс киімдерін, Сайрам ауданы "Алтын адам"ЖШС-і ерлер костюмдері мен мектеп киімдерін қала тұрғындарына қол жетімді бағада ұсынылуда.

Жәрмеңкеге 39 тауарөндіруші, 275 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарып отыр. Олардың жалпы құны 123 млн 545 мың теңгені құрады. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан 10-15 % төмен бағада ұсынылуда. 

Нұр-Сұлтандықтар Түркістан облысының азық-түлігі мен тауарларын асыға күтіп жүретінін жеткізді. Олардың айтуынша оңтүстіктің азығы сапасы жағцынан жоғары ал бағасы арзан дейді. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қалалық мәслихатында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер